"Шәкіртақы артады", "балабақша үшін орталықтандырылған кезек". Білім тұжырымдамасы бекітілді

/image/2022/11/01/crop-28_11_653x1162_61ab4be4007f4909900746.jpeg

Үкімет отырысында Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жекелеген пәндер бойынша мектеп бағдарламалары жетілдіріледі. Оқу процесін цифрландыру шеңберінде бірқатар жобалар іске асырылып, шағын комплектілі мектептерде жекелеген пәндерді онлайн оқыту және дербес цифрлық оқулықтар (мобильді қосымша) әзірлеу жоспарланған.

Цифрландыру аясында аттестат пен дипломдарды QR-кодпен маркерлеп цифрлық форматта беру көзделіп отыр. Әр оқушының цифрлық профилі болады. Балабақша үшін кезектің бірыңғай, орталықтандырылған кезегі енгізіледі.

Жиында 2025 жылға қарай жаңа құрылыс стандарттары бойынша жалпы саны 840 мың орынға арналған мектептер салу жоспарланып отырғаны айтылды.

Премьер-министр Әлихан Смайловтың айтуынша, жастарды кәсіпкерлік дағдыларына оқыту үшін колледждер, оның ішінде ауылдық колледждер жанынан шағын инновациялық кәсіпорындар құрылатын болады.

– Бұл – колледж түлектерінің 75%-ын оқу бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жетекші жоғары оқу орындарын зерттеу университеттеріне трансформациялау жүруде, сондай-ақ беделді шетелдік университеттер филиалдарының саны да артады. 2026 жылға қарай бакалаврлар стипендиясының мөлшері 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады, – деді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар