Қазақ Ұлттық Университеті 37 мамандық бойынша маман даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университет мамандары ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 ден аса академик, докторы бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің барлық адам үшін тиімділігі мен ашықтығы , білім алушылардың академиялық сауаттылығы , «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Альма матердің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жаңа академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.
Университетке қызығушылық танытып,білім алғысы келетін талапкерлерге ашық есік күндері де қарастырылған.Әр факультет өзінің талапкерлеріне экскурсия ,көрсетілім шараларын жүргізеді.
Жастармен бірлесіп жетістікке жету және жастарға әрқашан дем беруді университет ешқашан ұмытқан емес.Осындай бастамалардың бірі ретінде Жастар Ұйымдарының Комитеті аталады. Жастар Ұйымдарының комитетінің ішіне көптеген, студенттер мен оқытушыларға оқу процесін жеңілдету үшін құрылған ұйымдар кіреді.
Жетістікке тек біліммен ғана жету мүмкін емес. Мен бұл сөзбен нені жеткізгім келеді? Студенттерді жан-жақты дамыту – университет міндеті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне білім алуға келген жастар өздеріне керектің барлығын өз қалашықтарында бар екенін білгенде одан әрі қуанарлары анық.Соның бірі өз қорында екі миллионнан астам кітап жинақтаған әл-Фараби кітапханасы.Осындай үлкен көлемдегі ,әрі ыңғайлы дайындалған кітапхана бірден бір өзіміздің Альма матерлің мақтанарлық тұсы.
Жас талапкерлерді қара шаңыраққа шақырарда бір мүдірмесіміз анық.Оның себебі,бұл университеттің құрылымы мен жүйесі,құрылысы мен орналасуы,қамтыған ғимараттары толығымен студенттер мүддесі үшін.Ал өзін ғылыми зерттеу тұрғысынан дамытамын деушілерге зертханалар есігі әрдайым ашық.
Тоқсанбаева Нұргүл Қорғаджанқызы. психология ғылымдарының докторы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және қолданбалы психология
кафедрасының профессоры
Пікір қалдыру