Кемаль Қылышдароғлы: «Түркия сириялық қақтығыста ешбір жақты қолдауға міндетті емес»

/uploads/thumbnail/20170708200148699_small.jpg

Турцияда мерзімінен тыс сайлаулар алдындағы соңғы дайындық өтуде. 7 маусымда өткен алдыңғы дауыс беру науқаны ешбір оң нәтиже бермеді, саясаткерлер коалиция жөнінде дұрыс шешім шығара алмады. Ендігі кезекте барлығының назары халықта, оның нендей шешімге ерік білдіруін күтіп отыр: мемлекетпен басқаратын белгілі бір партияға дауыс бере ме, әлде коалицияны қайта құру жөнінде шешім қабылдай ма? Euronews тілшісі әйгілі түрік саясаткерлерінің бірі әрі оппозициялық Республикалық халықтық партияның көшбасшысы Кемаль Қылышдароғлымен тілдескен болатын.

 

еuronews:

  • Сайлаудан кейін билік басына Республикалық халықтық партия келетін болса, ол ЕО-та Түркияның мүшелік етуі сынды келіссөздерге әсер ете ме?

 

Кемаль Кылышдароғлы:

  • Барлығын тез бітіруге тырысамыз. Біз ЕО-ның бізбен серіктестікке отыруға дайын болудың жаңа тарауын ашуын күтпейміз. Демократия, құқық, гендерлік теңдік, сот жүйесінің тәуелсіздігі сынды мүше-мемлекеттер үшін бекітілген стандарттардың қандай болуына қарамастан барлығын орындауға бармыз. Біз ештеңені де кейінге қалдырмаймыз, осылайша барлық қағидаларға сәйкес келіп, ЕО-ны таң қалдырамыз деген ойдамын.

 

euronews:

  • 7 маусым күні Түркия сайлауы сәтті өткен болатын, бірақ саяси көшбасшылар арасындағы келіссөздер еш нәтиже бермеген еді. Республикалық халықтық партия сайлауда екінші орынға ие болды, бірақ соған қарамастан сіздерге үкіметті қалыптастыру процесіне қатысуға ұсыныс түспеді. Себеп неде?

 

Кемаль Кылышдароғлы:

  •  Аталмыш сайлауды қасақана ұйымдастырған адам қазіргі уақытта сарайда өмір сүріп отырған Ердоған мырза. Ата заңға сай, ол объективтілік таныта білуі, өзін көшбасшыға сай ұстай білуі керек, бірақ ол президентке сай ұстанымдарды орындамастан, сайлау алды митингтерге қатысып жүрді. Ол өзі басқарған партияға дауыс беруді халықтан ашық өтініп жүрді. Ол коалицияға үзілді- кезілді қарсы болды және оның бекітілгенін қаламады және бір рет, тіпті, Дауытоғлы коалицияны қалыптастырса, ол Түркия үшін өліммен тең деген болатын. Бірақ, саясаткерлер әлі күнге бір шешімге келе алмай отыр. Жаңа сайлау науқаны жарияланғаны да сондықтан.

 

euronews:

  • Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі бойынша алдағы өтетін сайлау бұрынғылардан әлдеқайда өзгеше болады. Яғни, ешбір партия үкіметті қалыптастыра алмайтынға ұқсайды. Сондықтан, бізді коалиция туралы келіссөздердің жаңа тарауы күтіп тұр. Осы орын алған жағдайда сіздің партия қандай позицияға ие болмақ?

 

Кемаль Қылышдароғлы:

  • Егер біз бұл сайлауда бірінші орынға ие болсақ, сәйкесінше мемлекетті де қалыптастыра аламыз. Түркияда мұндай кезекті сайлауларды күтуді, тіпті оларға қатысуды халық ұнатпайды. Ал мәселелер, өздігінен көбейіп барады. Біздің парламенттегі саяси партиялармен қарым-қатынасымыз өте жақсы деңгейде. Біз – өзге бөлек партиялармен араласуын тоқтатпаған жалғыз саяси күшпіз.

 

euronews:

  • Түркияда екі жарым жыл бойында Күрд жұмысшылар партиясымен бітімгерлішілік тәртібі орнаған болатын, бірақ, сайлаудан кейін терроризм мемлекетке қайта оралды. Күрд мәселесіне байланысты бейбітшілік процестері жүргізіліп тұрды да, кейіннен олар да тоқтады. Егер Республикалық халықтық партия билік басына келсе, осы сұрақтың шешілуі үшін не істейсіздер?

 

Кемаль Қылышдароғлы:

  • Бұл мәселенің әлі күнге шешілмеуінің себебі саясаткерлердің өз қызметін дұрыс орындамауынан. Олар бұл сұраққа үнемі қауіпсіздік мәселесі ретінде қарап, әскерге бағыттайтын. Бұл мәселені шешуші орган, шын мәнінде, парламент. Онда бейбітшілік орнатуға байланысты әлеуметтік консесуаға жету үшін комиссия құру керек. Аталмыш сұрақты шешу тек Республикалық халықтық партияның қолынан келеді, өзге партиялар тиісті нәтижеге жете алмайды.

 

еuronews:

  • Дегенмен, солшыл-орталықшыл партия болғандықтан, қалаулы дауыс санын жинай алмайсыздар. Сіздерге күрд халқы тұратын шығыс аймақтардың даусы керек. Күрдтер тарапынан қолдауға ие болу үшін нендей шара қолданып жатырсыздар?

Кемаль Қылышдароғлы:

  •  Иә, бұл этникалық мәселе жылдар бойы жалғасып келеді. Сондықтан, күрдтер «Халықтардың демократиялық партиясына» дауыс береді, оны тіпті «меншіктік партия» санайды. Сайлау алды науқандарының бірінде біз күрдтерден: «Республикалық халықтық партия сендердің мәселелеріңді шешу үшін барлық мүмкіндікті жасап отыр. Ендеше, неліктен бізге дауыс бермейсіңдер?», - деп сұраған болатынбыз. Сонда олар: «Біздің өзіміздің жеке партиямыз бар, біз соған дауыс береміз». Мұндай жауабына: «Бірақ мәселелеріңнің шешімін тауып отырған біз», - дедік. Олар мұнымызға да жауап тапты: «Сіздер – социал-демократсыздар, бұл сіздердің міндеттеріңіз», - деген болатын. Біз мұны мойындаймыз және де аталмыш мәселенің жауабын табуда әрі қарай да аянып қалмаймыз. Түркия бұл қиындықты да еңсеріп шығады деген ойдамын.

 

euronews:

  • Әлемдік көшбасшылар Сириядағы қақтығыс мәселесін талқылап, аталмыш мемлекеттің Башар Асадпен я онсыз болуын талқылап жатыр. Ал, сіздер билік басына келетін болсаңыздар, Түркияның осы тараптан сыртқы саясаты қандай болмақ?»

Кемаль Қыдыроғлы:

  •  Түркия сириялық қақтығыста ешбір жақты қолдауға міндетті емес. Түркия бұл дау-дамайдың барлық мүмкін болатұғын шешу жолдарын қарастыруы тиіс. Егер Сирияда адам құқығы тапталса, онда біз мұны болдырмаудың амалын табуымыз керек. Бір ғана жақты қолдап, қалғанын елемеуге болмайды. Бізге Сириядағы бейбітшіліктің Асадпен, я онсыз орнауы маңызды емес. Сонымен қатар, біз ИЛИМ-ді тоқтатуымыз керек, бір шекараны бөлісетін көрші болуына жол бермеуіміз керек!

 

euronews:

  •  Түркияның осы тараптағы позициясы саяси деңгейде болуы керек пе, әлде келіссөздер деңгейінде ме? Әлде, әскери операция позициясын ұстануы керек пе? Қалай ойлайсыз?

 

Кемаль Қылышдароғлы:

  •  Егер әскери операциялар өткізуге қажеттілік туса, біз оған дайын болуға тиіспіз. Біз парламентте бұл жөнінде өз ұсыныстарымызды жасап, ИЛИМ-ге қарсы операция үшін парламентте дауыс беруге дайын екенімізді айттық.

 

euronews:

  •  Ендеше, босқындар тақырыбын да қозғадық. Еуропада да, Батыста да: «Қаржымен қамтамасыз ететін біз, ал аймақтағы мемлекеттер босқындарды қабылдап, оларға барлық жағдайды жасайды», - деп айтуда. Бүгінде Түркияда екі миллионға жуық босқын бар. Және бұл сан әрі қарай да өсе бермек. Бұл жөнінде не ойлайсыз?

 

Кемаль Қылышдароғлы:

  •  Бұл мәселеге қатысты Батыс, меніңше, ерікті қолдау көрсетіп отырған жоқ. Мен мұны барынша шынайы айтып тұрмын. Бұлай ойлау себебім Туркияға екі миллион босқын келген кезде, біз Батыстан қол шапалақтардан басқа түкке де ие болғанымыз жоқ. Түркияның босқындарға жасап жатқан көмегінің қаншалықты маңызды екенін Еуропа түсінді. Сонда ЕО өз тарапынан мигранттардың оларға келуін қаламай, Түркияда қалуын көздеп, бізге өтемақы ұсынған болатын. Бірақ, біз бұған келіскен жоқпыз. Ең басты мәселе – Сириядағы ішкі қақтығысты тоқтатып, қираған қалаларды тұрғызып, сириялықтардың өз үйіне қайтуына мүмкіндік жасау керек.

 

euronews:

  • Енді сіздің сайлау алды меморандумыңыз туралы сөйлесейік. Сіз

Еуропаны аралап, өз сайлаушыларыңызбен тілдесіп, мәлімдеме жасадыңыз. Ал, қазір сіз Лиондасыз. Сіздің Лиондағы және жалпы Еуропадағы электоратыңызға берген уәделеріңіз қандай?

 Кемаль Қылышдароғлы:

  • Біз оларды қаласа Республикалық халықтық партияға дауыс беруге, Түркияда Франциядағыдай демократия, бостандық, тәуелсіз БАҚ және құқықтың үстемдік құруына шақырдық.

 

Назгүл Назар

Дереккөз: euronews.com

 «Қамшы» сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар