Девальвациядан соң банктер пайдаға кенелген

/uploads/thumbnail/20170708200149543_small.jpg

Экономикалық сарапшылар Ұлттық банктің саясатымен келіспейді. Оның үстіне девальвациядан соң еліміздегі банктер қыруар пайдаға кенелген. Бұл туралы «Қамшы» порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мамандардың ойынша, төл теңгенің девальвациясы мен АҚШ валютасының еркін айналымға жіберілуі қатар жасалмауы тиіс болатын. Енді молынан ағылған импорт және құнсызданып жатқан теңгемен инфляцияны бір деңгейде ұстап тұру мүмкін емес .

Ұлттық банктің қор биржасындағы саудаға қатысып, күн сайын мемлекеттің миллиардтарын жұмсауын да экономистер бекер әурешілік деп есептейді.

Ойлап қараңызшы, соңғы 20 күннің ішінде-ақ еліміздің бас қаржы ұйымы, бағаны қалайда ұстаймыз деген желеумен 1 млрд 400 млн долларды биржада сатып жіберіпті. Ал, анығында, жағдайды тұрақтандыру үшін енді тек нарықты кеңейту керек. Яғни қазір КАSE-ке қатысатын 5 ірі банктің саны көбейтіліп, биржаға экспортпен айналысатын компанияларды да жұмылдыру қажет деген сөз.

Теңге еркін айналымға кеткелі, шекесі шылқып байыған тек банктер ғана екен. Ranking.kz  порталының мәліметінше, екінші деңгейлі банктердің активі 20 триллион теңгеге жеткен.

Бұл бұрын-соңды болмаған  көрсеткіш. Яғни отандық 35 банктің 33-і пайдаға кенелген. Триллионер банктердің көшін “Қазком” бастап тұр.

Бір ай ішінде қаржы институтының активі 436 жарым млрд-қа өсіпті. “Халық банктің” де жағдайы жаман емес. Олар 426,9 млрд теңге пайда тапқан. Үздік үштікте “Сбербанк” те бар. Тамыз айында банк 198,4 млрд теңге пайда тауыпты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар