Жас жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті

/uploads/thumbnail/20170708200150184_small.jpg

Алматыдағы Мақатаев пен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің бесінші қабатынан 22 жастағы жас  жігіт секіріп кетті. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Алматы» телеарнасының «Куәгер» бағдарламасы сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқиға орнына бірінші болып келген жол-патрульдік полициясы қызметкерлері аталмыш пәтердің  жалдамалы екендігін анықтады. Сонымен қатар, оқыс оқиға болған кезге дейін қыз бен жігіт осы жерде уақыттарын қызықты өткізгендігі белгілі болды.

Ер адаммен бірге пәтерде болған әйелдің айтуынша, ер азамат марихуана түріндегі есірткіні қабылдағаннан кейін осындай қадамға барған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар