ҚР президенттігіне экс-кандидат, «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов сөзден іске көшпек. Осыдан тұп-тура бір жыл бұрын Мемлекеттің экологиялық саясатын сынап, мұны жасағандарды ұры-қарылар деп щулатқаны бар ( анығын айтқанда Қаппаров мырза қоқысты тазалауға тым көп қаржы жұмсағанын дәлелдемек болған). Тіпті Одақ атынан Президентке хат жолдамақ-та болды.
Енді міне араға бір жыл салып Мэлс мырза елеусіз қалмаймын деп, өзі бір топ азаматтармен бірігіп партия құрмақ ниеті бар екенін жеткізіп отыр. Бұл әрекеті биліктегілердің экология мәселесіне аз назар бөлгеннен кейін жасалып отырғанын жеткізді.
Мэлс мырза партиясының Президент пен үкіметке қарсы емес екенін, және ешқандай да көтеріліс жасаушы һәм террористер емес екенін мәлімдеді.
Алайда «Табиғат» экологоиялық одағының партияға айналуы үшін кемі қырық мың қолдаушы табуы тиіс. Оның үстіне қаржылық жағдайы да дұрыс емес. Ал, дәл қазір Мэлс мырзаның таяуда өртеніп кеткен кеңсесін жөндеуге де қаржысы жоқ болып шықты. Естеріңізде болса, осыдан бір жыл бұрын ол Президент сайлауына қатысып, агитация жұмыстарына ақшасы жетпей кандидаттығынан бас тартқан болатын. Осының барлығын ескере келе, Елеусізов мырзаның елеусіз қалмауы үшін жасалған тағы бір пиар жүрісі ме деген де ой келеді.
Пікір қалдыру