12 жылға сотталған бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың үкімі өзгеріссіз қалды

/image/2023/07/12/crop-39_21_1045x1858_56352.jpeg

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляция алқасы экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа шыққан үкімді қайта қарап, шешім шығарды, деп жазады Қазақпарат. 

"Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды және заңды күшіне енді. Сотталған Мұрат Бектанов жазасын Абай облысының Семей қаласындағы ең жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", - делінген мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жауабында.

Еске салайық, былтыр, 21 ақпанда бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Кейін Қаңтар оқиғасы кезінде бұрынғы министрдің заңсыз бұйрық бергені анықталды.

Айта кетейік, 9 наурызда бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар