Синоптиктер 20-22 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді. Соның нәтижесінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және таулы аймақтарда жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында солтүстік-батыс антициклон әсерімен 21 шілдеден бастап жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді.
Пікір қалдыру