Алматыда қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының жетекшісі ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің дерегінше, ол жер телімдерін беру және нысандар құрылысын үйлестіру кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Мемлекетке шамамен 307 миллион теңгеге жуық шығын келген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.
"Бұдан басқа, 2020 жылы медициналық орталық пен ХҚКО-ның құрылысын заңсыз келісе отырып, мүдделі тұлғалардың жеке меншігіне жер учаскелерін төмен құны бойынша одан әрі негізсіз беруге ықпал етті. Шығын 180 млн теңгені құрады", – делінген хабарламада.
Пікір қалдыру