Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қанша? Министрлік жауап берді

/image/2023/07/19/crop-22_17_647x1150_photo5260366603319623216-1.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 649 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді, оның ішінде  базалық зейнетақы төлеуге - 506,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 1 триллион 142,7 миллиард теңге бөлінген.

"2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 82 805 теңге, базалық зейнетақы - 37 836 теңге", - делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар