Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскери міндетін орындауды кейінге қалдыру үшін жалған анықтама жасағандар анықталғанын айтты.
"Мен бұған дейін 1 наурыздан бастап оқу орындарындағы 300 мыңнан астам оқушыға автоматты режимде шақыруды кейінге қалдыру туралы мәлімдегенімдей, көктемгі шақыру компаниясының қорытындысы да өзінің тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, жағымсыз жақтары да анықталды, оларды жою болашақта осы жұмыстың нәтижелеріне оң әсер етеді. Мысалы, оқу туралы жалған анықтамаларды ұсыну жағдайлары анықталды. Олардың негізінде белгілі бір сыйақы үшін осындай анықтамаларды беру бойынша заңсыз қызметпен айналысатын адамдар анықталды. Бұл ақпарат құзыретті органдарға берілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп мәлім етті Дархан Ахмедиев.
Спикер атап өткендей, бір мезгілде әр түрлі өңірлердегі екі жоғары оқу орында оқитын азаматтар анықталған. Дархан Ахмедиевтің дерегінше, бұл мәселелер Ғылым және жоғары білім министрлігімен талқыланып, шешу жолдары қарастырылған.
Пікір қалдыру