Жетісу облысының бірнеше әкіміне 1 миллион теңге айыппұл салынды

/image/2023/07/27/crop-60_10_1017x1807_15613682_0_0_3000_1688_1920x0_80_0_0_d302c91816de2212a0e6fe194abc5b5c.jpg.webp
Жетісу облысының прокуратурасы табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі бойынша талдау жүргізді, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның мәліметінше, облыстың кейбір аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істейтіні анықталды.
 
Мысалы Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Алайда оның ішінде тек Достық округіндег "Шыңдәлі" полигонында ғана құқық белгілейтін құжат бар.
 
Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды. Жоғарыда аталған барлықзаң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.
 
"Қазіргі уақытта актілерді қарау нәтижелері бойынша үш ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды", - делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.
 
Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар заңсыз жұмыс істейтін қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын заңдастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар