Голливудтық компаниялар фильмдерінің пираттық көшірмелерін Ресейге жеткізетін сатып алушылар мен тасымалдау жолын анықтады.
Бұл туралы "Ведомости" басылымы жазды.
Фильмдерді заңсыз түрде жеткізгендер ішінде қазақстандық кинотеатрлар да бар. Алайда олардың нақты қай кинотеатрлар екені белгісіз.
Жақында шыққан "Барби" және "Оппенгеймер" сынды премьералар ресейлік прокатқа шықпайтын болғандықтан, Ресейдегі кинотеатрлар онлайн-сервисте пайда болған фильмдердің пираттық көшірмелері көрсетеді.
Пікір қалдыру