Солтүстік Қазақстан облысында кәріз тазаламақ болған шошқа фермасының төрт жұмысшысы қаза тапты.
Қайғылы жағдай Тайынша ауданында орналасқан EMC AGRO компаниясында болған.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияның төрт қызметкері ауысым соңында 8 метр тереңдіктегі кәрізден шықпай қалған.
Полицияның хабарлауынша, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған.
Олардың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Пікір қалдыру