Жаңбыр және жел: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды

/image/2023/08/02/crop-6_34_550x978_s1200-1-1.jpg

Синоптиктер Қазақстандағы 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Метеорологтар мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрынғыдай еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

"Елдің батыс аймақтарында қысым күшейеді, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Температура фонында айтарлықтай ауытқу болжанбайды", - делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар