Ақтөбеде өз баласын өлтірді деп айыпталған әке өмір бойына сотталды

/image/2023/08/02/crop-128_88_576x1024_d5b2912e-288d-46c2-a3de-a9055cf0ea69.jpeg

Ақтөбеде өз баласын өлтірді деп айыпталған әке өмір бақи бас бостандығынан айырылды.

Алайда күдікті өз кінәсін мойындамады. Ол ұлының қазасын қайғылы жағдай деп санайтынын айтты.

Еске сала кетейік, Данил Ахановтың денесі 2022 жылы желтоқсанда қала шетіндегі шұңқырдан табылған еді. Оны әкесі Артур Аханов көрпеге орап, сол жерге көміп кеткен. Артынша полицияға баласының жоғалып кеткенін хабарлаған.

Сот-медицина сараптамасы баланың кісі қолынан өлгенін растады. 

4 жастағы Данил Ахунов – үшемнің бірі. Анасы аналық құқығынан айырылған соң, жетімдер үйінде өскен. Бірақ кейін оларды әкесі заңды өкілі ретінде ол жерден алып кеткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар