"Байбалам салды": ТЖД Ақкент тұрғындарының жоғары қабаттан секіру себебін түсіндірді

/image/2023/08/02/crop-5_52_264x470_i-1.webp

Кеше өрт шыққан Ақкент шағын ауданындағы тұрғын үйдегі түтінге қарсы қорғаныс жүйесінен ақау шыққан. Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

"Жоғары қабатты ғимараттарда едендік түтін шығару жүйесі арнайы қарастырылған. Егер жұмыс істеп тұрса едендерде мұндай қатты түтін болмас еді", – деді Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде тұрғындардың терезеден секірген видеосы қызу талқыланған болатын. Ерлан Әлібеков бұған қатысты пікір білдірді. 

"Өрт кезінде өте қиын жағдайлар орын алды. Тұрғындар қатты байбалам салды. Оларды үрейленбеуге шақырған едік. Балконға шығып, есіктерді жауып, көмек күтуге де болатын еді. Біз кеше үйлердің ішінде қатты түтіннің болмағанын көрдік. Мүмкіндік болғанда есікті жауып, құтқарушыларды күтуге болатын еді", – деді Ерлан Әлібеков.

Сондай-ақ тұрғындар өрт сөндірушілер келмей тұрып терезеден секірген. Әлібековтің айтуынша, мұндай көпқабатты үйлерде өрт шыққан жағдайда тұрғындар сабыр сақтап, түтін шығармайтын баспалдақ алаңдарын пайдалануға тырысуы керек. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар