Мәскеу соты Алексей Навальныйды 19 жылға бас бостандығынан айырды

/image/2023/08/07/crop-29_8_324x576_5a396126-79b2-4d1b-81ac-083b210a18cb.jpeg

Мәскеу соты оппозиционер Алексей Навальныйды 19 жылға бос бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. 

Сот Навальныйға "экстремистік топ құрды", "сол топты қаржыландырды", "нацизмді ақтады" деген сынды алты түрлі айып тақты.

Навальный мен оның жақтастары сот үкіміне келіспеді. Олар үкімнің "саяси астары" бар деп сынады. 

Еске сала кетейік, Навальный құрған "Жемқорлықпен күрес қоры" 2021 жылы Ресейде "экстремистік ұйым" деп танылған еді. Оппозиционерге тағылған айыптауларға да осы ұйым себеп боп отыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар