Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты MetaGo қаржы пирамидасын жарнамалау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен және агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы нәтижесінде күдіктілердің қылмыстық әрекеті анықталды.
Күдіктілер MetaGo қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда (YouTube бейнехостинг сайты, Whatsapp және Telegram мессенджерлері, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып, халықпен кездесулер, жиналыстар өткізген.
Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан. Бұл туралы Halyq Uni порталы хабарлады.
Қазір ҚР ҚК-нің 217-1-бабы (Адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдыру