Оқу құралдарының бағасы 64 пайызға қымбаттаған

/image/2023/08/09/crop-0_56_388x690_60eed035-eb7a-4ab1-93e6-d2676402ddc9.jpeg

Бір жылда оқу құралдары 64,4%-ға қымбаттаған. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы жазды. 

Дәптерлердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға өскен. 

"Дәптер – 77,2%-ға, қалам – 38,6%-ға, түрлі-түсті қарындаштар – 41,9%-ға, сурет альбомы 44,1%-ға қымбаттады" — делінген ресми хабарламада.

Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл көрсеткіш ата-аналардың қалтасына айтарлықтай ауыр тиюі мүмкін. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар