Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылды.
"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Арман Жұмагелдиевке қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды" - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы Дикий Арманның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі тоқтаусыз ұзартылып келеді.
Пікір қалдыру