Таразда судья 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

/image/2023/08/18/crop-114_38_580x1031_b168790f-5185-410d-be6a-881acaf7367a.jpeg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық №2 сотының судьясын пара алды деген күдікпен ұстады. 

Антикоррупциялық қызмет Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралар нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны туралы әшкереленді.

"Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдекке ілінген. Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді", - делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар