"Қазақстан" шахтасындағы апат: Екінші кеншінің мәйіті табылды

/image/2023/08/18/crop-85_51_960x1706_a84eefe4-8084-4069-9bcc-3234329c7313.jpeg

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты "Қазақстан" шахтасында тағы бір кеншінің мәйіті табылды.

Шахтада болған 227 адамның 222-сі жер бетіне шығарылған болатын. Кеше бір адамның мәйіті табылғаны хабарланған еді.

18 маусымда «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды облыстық филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский түні бойы төрт бөлімше күшімен кеншілерді іздеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.

"Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Іс-шара кезінде тау-кен құтқару бөлімшелері екінші зардап шегушіні анықтады. Өкінішке қарай ол қайтыс болған. Қазір оның мәйітін жер бетіне эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр" - деді Геннадий Силинский.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 17 тамызда Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайлары ауыр. Қалған 7 адам токсикология бөлімінде жатыр. Жағдайы бірқалыпты.

18 тамыздағы жағдай бойынша аймақтың медициналық мекемелерінде зардап шеккен 13 кенші бар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар