Қазақстанда экстремизмге прапоганда жасағаны үшін ресейлік Царьград телеарнасы бұғатталды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, арна экстремизмді насихаттағандықтан бұғатталған. Бұған дейін Царьградқа төрт нұсқау берілген. Оның соңғысы "Қазақ ұлтшылдары Жеңіс күні қарсаңында орыс әйелдеріне үрей туғызды" деген шығарылымға қатысты болған.
Қазір арна сайты бүкіл ел бойынша бұғатталған. Царьград ресейлік консервативті арна ретінде белгілі. Оның негізін қалаушы, православтық олигарх Константин Малофеев Донбасстағы жауынгерлік құрамаларды қаржыландырғаны үшін халықаралық іздеуде жүр. Сонымен қатар ол ЕО мен АҚШ-тың санкциялық тізімінде де бар.
Пікір қалдыру