"Қазақстан" шахтасындағы апат: Үшінші шахташының денесі табылды

/image/2023/08/18/crop-42_25_395x703_769f77f2-e86e-4708-ae09-9874dc463a75.jpeg

"Қазақстан" шахтасынан үшінші шахташының денесі табылды. Қазір марқұмның жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы "Арселор Миттал Теміртау" хабарлады.

Қайтыс болған шахташылардың отбасына компания тарапынан көмек көрсетілетін болды. Атап айтқанда:

1) жерлеу шығындарын жабу;

2) қайтыс болған жұмысшылардың 10 жылдық еңбекақысы;

3) әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі;

4) 23 жасқа дейінгі балаларға қатысты барлық шығындар (оқу ақысы);

5) тұрғын үйі жоқтарға баспана;

6) тұрғын үйі барларға жөндеу жұмысы;

7) ипотекалық төлемдерді жабу;

8) марқұмдардың жұбайы мен бала-шағасын жұмысқа орналастыру;

9) әйелдер мен балаларға жыл сайын санаторийге жолдама.

Еске сала кетейік, 17 тамызда Шахтинск қаласындағы "Қазақстан" көмір кенішінде өрт шығып, 222 жұмысшы эвакуацияланған еді. 5 шахташы жер астында қалып қойған. Кешелі бері олардың екеуінің жансыз денесі табылды. Қалған 2 адам әлі іздестіріліп жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар