Жамбыл облысында әскери борышы өтеуге кеткен сарбаз комаға түскен. Сарбаздың көз жанары семіп, өзге де ағзалары сыр берген.
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің Жамбыл облысындағы басқармасында әскери борышын өтеп жатқан Ахметәлі Жәдігердің денсаулығына қауіп төніп тұр. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап, informburo.kz порталы хабарлады.
Әскерге барғанына бір ай болмай жатып ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы ауыр. Сарбаздың анасы бұл жағдайға "болмашы ауруды асқындырып алған әскери бөлімнің дәрігерлері кінәлі" деп есптейтінін айтты.
Сарбаздың ауруы ангинадан басталған. Ауруы асқыннан кейін комаға түсіп, Алматыдағы әскери госпитальға ауыстырған. Онда да жағдай ушығып, терісі шіріп, өкшесі тесіліп қалған. Сарбаз көзіне ота жасатып, қазір кардиологиялық бөлімге ауысқан.
Ал әскери бөлім басшылары госпитальға жеткеннен кейін сарбаздың өміріне жауап бермейтінін айтып отыр.
Пікір қалдыру