Қазақстандық оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқитын болды. Бұл туралы тамыз кеңесінде үкімет басшысының орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, оқушылар қайтадан 34 апталық оқуға көшетін болады.
"Мойындау керек, бұл әлемдік тәжірибе (36 апталық оқу жылы. - еск.). Бірақ мұндай жаңалықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты талап етеді. Министрліктің шешімі орынды, бірақ асығыс болды деп есептеймін. Осыған байланысты биыл 34 апталық оқу жылы ұзақтығына, 25 мамырда аяқтауға ораламыз деп ойлаймын", - деді Дүйсенова.
Пікір қалдыру