Қырғызстан Қазақстанмен шекарадағы кептеліске байланысты ЕЭК-ке жүгінді

/image/2023/08/25/crop-8_7_396x704_crop-73_14_406x721_photo_115249.jpeg

Қырғызстан Қазақстан шекарасындағы жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) жүгінді. Соған байланысты 24 тамыз күні Еуразиялық экономикалық комиссияның мониторинг тобы қырғыз-қазақ шекарасында болған.

"Қырғызстан тарапы мониторингтік топқа Қазақстандық өткізу пункттерінің жұмысы айтарлықтай төмендеуіне байланысты кептеліс болып жатқанын хабарлады"– деп жазды ЕЭК.

Ал Қазақстан тарапы жүк машиналарының өткізілуін екі-үш машинадан сағатына сегіз-тоғыз машинаға дейін ұлғайтқанын хабарланды. Еуразиялық экономикалық комиссия жағдайды бақылауда ұстамақ.

Еске салайық, бірнеше күннен бері қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр. Жүргізушілер жүк көліктерінің Қазақстанға кіргізілмеу себебіне қатысты түрлі нұсқа айтады. Бірақ кептеліске байланысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар