Қыркүйектен бастап блогерлер салық төлеуге міндеттеледі

/image/2023/09/01/crop-29_21_630x1120_full_168943399904d5e6699a73ddf042536acecbbb0fbd_webp.webp

Қыркүйектен бастап блогерлер салық төлеуге міндетті. Сонымен қатар, жүктеген жазбаларының жарнама екенін белгілеп, жұмысын кәсіпкерлік заңнамаға сәйкес жүргізуі тиіс.

Жалған ақпаратты жариялағандар немесе таратқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Блогерлерге қатысты заң 10 қыркүйек күні күшіне енеді. Әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап, табыс тауып жүргендер 9 қыркүйекке дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп үлгеруі қажет.

Онлайн-платформалардың иелері де жалған ақпарат пен салық төлеуден жалтарушыларды анықтау үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндетті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар