Тоқаев Президент Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойып, Президент Әкімшілігінің шенеуніктерін жұмыстан босатты.
Құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына кіреді:
▪️ Президент Әкімшілігінің Басшысы;
▪️ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
▪️ Президент Кеңсесінің Бастығы;
▪️ Президенттің көмекшілері;
▪️ Президенттің кеңесшілері;
▪️ Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
Ақорданың хабарлауынша, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары алынып тасталды. Президент Әкімшілігінің қайта құрылуына байланысты қызметінен босатылғандар:
Тимур Сүлейменов – Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары;
Ержан Жиенбаев, Аида Балаева, Ернар Баспаев – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары;
Руслан Желдібай – Баспасөз хатшысы;
Әсет Исекешев және Жайсанбаев Қанатбек – Президенттің көмекшілері;
Қазыхан Ержан – Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл;
Әлтаир Ахметов – Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі;
Байтұқбаев Ерлан –Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі;
Азамат Дүйсембеков – Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі департаментінің меңгерушісі;
Ерназар Рақымжан – Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі.
Пікір қалдыру