Қазақстанда "Камызяки" КВН командасының концерті өтпеуі мүмкін. Себебі еліміздегі түрлі іс-шараларға билет сатып жүрген 2 платформада ресейлік әзілкештердің концертіне билет сатуды тоқтатқан.
Сайттарды қолдау қызметінің мәлімдеуінше, билет сатылымы концерт ұйымдастырушыларының өтініші бойынша уақытша тоқтатылған.
Еске салсақ бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайтын КВН командасының концертіне байкот жариялап, қарсы петиция жасаған еді. Команданың концерті 5 қазан күні Алматыда, 7-8 қазанда Астана қаласында өткізу жоспарланған еді.
Пікір қалдыру