Біле білсеңіз, бір кездері біздің білім саласының құзырлы органы 4 млн қазақстандық оқушының жеке мәліметтерін жинау, сақтау және өңдеу қызметін ешқандай іріктеу мен байқаусыз, ресейлік компанияға 12 жылға беріп жіберген!
Нәтижесінде, бұл салада шет елден басқарылатын қолдан жасалған монополия пайда болды, деп дабыл қақты мәжілісте депутат Ерлан Сайыров.
Оның сөзінше, енді Қазақстанның 7 млн адамы (балалар, мұғалімдер мен ата-аналар) кіруің міндетті «Күнделіктен» жағымсыз жарнама көруде.
Бұл аз десеңіз, «Күнделік» «Ұлттық ақпараттық технологиялар» мемлекеттік мекемесінің серверлерін пайдаланады және ол үшін оқу-ағарту министрлігі жыл сайын 800 млн теңге қаржы төлейді деген ақпаратты Бас прокуратура тексеруі қажет, деп қосты депутат.
- «Күнделік» – барлық мектепте 2030 жылға дейін қолдануға міндетті жалғыз электронды жүйе, жасанды монополия.
Пікір қалдыру