ПЕТИЦИЯ ҰҒЫМЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕДІ

/image/2023/09/21/crop-0_9_674x1197_full_1695272966d2e548d832c86cdfad47f582b3ef7ebe_webp.webp

Заңнамада петиция ұғымы қоса берілген. Енді петицияларды жіберу және оны қарау әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сай жүргізіледі. Мемлекеттік органдар қарау үшін оған қол қойғандардың шекті мәні белгіленген. Мәселен, 50 мыңнан астам халқы бар елді мекеннен жіберілген петицияда 2,5 мың дауыс жиналса аудан әкімдігі қарайды. Облыстағы әкімдіктер құзыретіне жататын мәселеге қатысты петицияға аумақ тұрғындарының 1 пайызы, ал мәслихаттың құзыретіндегі түйткіл болса халықтың 2 пайыз дауысы жиналу керек. Үкіметтік деңгейдегі мәселені қарау үшін петицияға кемінде 50 мың тұрғын қол қоюы тиіс. Қазақстандықтар петицияны арнайы интернет портал арқылы бере алады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Мұндай жаңа нормалар алдағы уақытта қоғамның қажеттіліктерін барынша ескеруге мүмкіндік беруі тиіс. Осылайша халықтың көкейіндегі  мәселелерді мемлекеттік органдарға тұрақты түрде жеткізудің заңдастырылған қосымша тетіктері қалыптасады. Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың мемлекетік басқару институттарына деген сенімін арттырып, еліміздің дамуына оң ықпал етеді деп сенемін.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар