Киік атуды қолдайсыз ба? (Сауалнама)

/image/2023/10/27/crop-2_27_666x1183_full_1657248444ea199bd47a23ba7bb99fb3dff1192de7_webp.webp

Үкімет киік атуға ресми түрде рұқсат берген күннен бері халық наразылық танытып, киелі жануардың қырылуына жол бермеу керегін айтып жатыр. Әсіресе батыс өңіріндегі көлікке тиелген киіктердің фото мен видеолары қызу талқылануда. 

Ал киелі жануарды атуға рұқсат берген министрлік мұны киіктің саны өсіп, тарихта болмаған мөлшерге жеткенімен байланыстырады. Соңғы санақ бойынша ақбөкендердің саны 2 миллионға дейін жеткен. Сондықтан 337 мың киікті қысқарту керек. Өйткені министрлік киіктен келген залал 8 миллиард теңгеге жуықтағанын айтып отыр. Биыл ақбөкендер 1 миллион 284 мың гектар жайылым-шабындықты таптап, 5 мың гектар егінді отап кетіпті.

Ал сіз киікті атуды қолдайсыз ба?

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар