Әбу-Дабиден дзюдашы Кәмила Берліқаштан басқасы жүлдесіз қайтты

/image/2023/10/27/crop-0_149_1080x1920_biv7cpzrj2lvwhjjzmprbkent8agckzsjmds2zgb.jpg

Қазақстаннан әйелдерден жеті, ерлерден 14 балуан барған. Аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаштан басқасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды

 Аталмыш жарысқа әлемнің 81 елінен 461 спортшы келген. Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмады. Қыздардан тек аса ауыр салмақтағы Кәмила Берліқаш финалға шықты.

Ол финалда 78 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі өнер көрсетіп, португалиялық Рошель Нунесьпен кездесіп, қарсыласына иппон әдісімен жол берді.

Негізінде,  Grand Slam  жарысына Қазақстан негізгі құрамын апарған. Алайда Кәмила Берліқаштан өзге дзюдошылардың қанжығасы бос қайтты

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар