Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігі. Ол жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бұған дейін Мәди Ахметов Nur Otan партиясы (кейін Amanat болып өзгерген) жанындағы Jas Otan жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2019 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішін қоюды ұсынған кезде танымал болған еді. Ол "жастар атынан" жасаған үндеуінде ескерткішті Назарбаев даңғылында тұрғызуды ұсынған. Кейін Қаңтар оқиғасынан кейін "ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңының күшін жоюға дауыс берген еді.
Пікір қалдыру