Путиннің мүлкі мен табысы жарияланды

/image/2024/01/31/_lv4whurdnbkttgs-3ds0yn8tgnaikupjidiw3_usbo0swreqbri-3hp5vfuumbidyla2mxlm2widurv

Шетелдік басылымдар Ресейдің қазіргі президенті әлемдегі ең бай әрі ықпалды адам дегенді алға тартады.

Ал күні кеше РФ Орталық сайлау комиссиясы жариялаған декларациядағы мәліметтер оған мүлдем керағар.

Екеуінің бірінікі өтірік.

Ресми деректі ұсынайық. Орталық сайлау комиссиясы таратқан құжатқа сәйкес, Ресейді 23 жыл бойы басқарып отырған Путиннің меншігінде екі пәтері мен үш көлігі ғана бар екен. Атап айтқанда, оған Мәскеуде 153,7 шаршы метрді және Санкт-Петербургте 77 шаршы метрді құрайтын қос пәтер мен 18 шаршы метр гараж. Одан бөлек, үш көлік: ГАЗ М21 (1960 жылғы), Газ М21 (1965 жылғы), Нива (2009 жылғы) және «Скиф» тіркемесі (1987 жылғы) тиесілі.

Сондай-ақ, декларациядағы мәліметтерге сәйкес, ол соңғы 6 жыл ішінде 67,5 миллион рубльден астам табыс тапқан. Онда да мұндағы негізгі табысы көзі Ресей президенті ретінде тапқан жалақысы деп көрсетіледі. Одан бөлек құнды қағаздарға салған ақшадан, мүлкін сатқаннан тапқан табысы мен әскери адам ретіндегі зейнетақысы бар екен.

Ресми құжатта Путиннің банктердегі он шақты шотында 54,4 миллион рубль ақшасы бары да нақтыланады. Оның үстіне, ол «Банк Санкт-Петербург» ЖАҚ-тың 230 акциясына да ие екен.

Бұл – РФ-ның қазіргі президентінің табысына қатысты ресми мәлімет.

Ал бейресми мәліметтерде Владимир Путин бұл құжатта көрсетілгендей ортаңқол адам қатарына жатпайтын, керісінше, әлемдегі ең бай әрі ықпалды тұлғаның бірі ретінде таныстырылады. Ол кем дегенде 200 млрд доллар байлыққа ие деген сөз де бар.

Мен оның (Путин) байлығы 200 млрд доллар болады деп бағалаймын. Билік басында болған жылдары қағаз жүзінде салынып, нақтысында жоқ мектептерге, ауруханаларға, жолдарға және тағы басқасына жұмсалған ақшалар Путин мен оның достары басқаратын хедж қорларға, акцияларға, швейцариялық банктегі шоттарға аударылып отырған. Бір сөзбен айтқанда, олардың иелігіндегі бұл ақшалар Ресейді тонаудан түскен,

– дейді инвестор Билл Браудер америкалық CNN телеарнасына берген сұқбатында.

CNN Браудерді Ресейге инвестиция салған шетел инвесторы, бұрынғы Путиннің жақтаушысы деп санайды. Оның Ресей қор нарығындағы жағдайды өз көзімен көріп, тіпті, ондағы заңсыздықтармен де күрескен британдық инвестор екенін де атап көрсетеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар