7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметті жиынға шақырғаны белгілі. Қалың бұқара бұл жаңалықты елең етіп қабылдады. Әрине, көптің күтетіні – өзгеріс, қандай да бір саяси шешім...
Өйткені соңғы кездері әлеуметтік желіде, әсіресе YouTube-те саяси тақырыптар белсенді қозғалып, бүгінге дейін үнсіз келген кейбір адамдар сөз алып сөйлеп жатыр. Жәй сөз емес, фактілерді алға тартып, ескі Қазақстанның ұрлығын-қарылығын, алаяқтығын әшкерелеп жатыр. Мәжілістің өзінде де қатты-қатты сөздер айтылып жатыр. Бірақ билік үнсіз, қандай да бір еткен әрекет, қабылдаған нақты шешімі жоқ. Мүмкін, өзгерістер осы жолы қолға алына ма? Бұрынғы президентпен бірге болып, түрлі қитұрқыға басы шалынса да бүгінгі билік құрамында отырғандар орнын босата ма?
Qamshy.kz бұл сұрақтарды сарапшылар мен саясаттанушыларға қойып көрді.
Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
Алғатбек Балғабекұлы, халықаралық экономикалық сарапшы:
«Қазіргі биліктің, Үкіметтің ең басты қиыншылығы – билікте білікті кәсібилер жоқ, мамандар өз орнында отырған жоқ. Бейнелеп айтқанда, тігінші сиыр сауып, сиыр сауатын әйел бала оқытып кетті дегендей. Неге? Өйкені бізде мамандарды бағалап жатқан ешкім жоқ, бәрі құлқынның құлы боп кеткен. Содан кейін барлық жерде былық-шылық. Мәселен, Парламентте заңгерлер мен экономистер ғана отыруы керек. Ол араға мұғалімді, басқасын апарудың қажеті жоқ. Таза мамандардан құралған Парламент деп алғашқы шақырылымдағысын айтуға болады. Салық Зиманов, Дәулет Сембаев сынды тұлғалар мемлекеттің даму жолына түсуіне шынымен де шындап ат салысты. Бұл – бір.
Екіншіден, мамандар қазіргі билікте стратегия, миссия жоқ екенін көріп, қарны ашып отыр. Назарбаев 2020-2030 деген стратегияларды ұсынды, бірақ оны сәтті жүзеге асыру қолынан келмеді. Себебі белгілі, барлығы жаппай ұрлықпен айналысып кетті. Қазіргі билік ақыр аяғы сол ұрланған, шетелде жатқан ақшаларды елге қайтара алмай отыр. Айтқандары істегендеріне сай келмейді. Жекеменшік заңгерлерге тапсырған, осымен шұғылданыңдар деп. Ал оларды кім керек қылады? Бұл арада мемлекет тарапынан сұраныс болуы тиіс. Парламент осыған қатысты заң шығаруы қажет. Біз ондай нақты қадамдарды көріп отырғанымыз жоқ. Негізі, бір нәрседен қорқақтайтын сияқты.
Үшіншіден, экономика дейтіндей, бізде ірі өндірістер жоқ. Табыс көбіне саудадан түсіп жатыр. Мемлекет отандық бизнесті қорғап отырған жоқ. Үкімет отандық өндірушілер тарапынан емес, тұтынушылар тарапынан ойлап-қарайды. Инфляция өсіп, орнымыздан айырылып қалмайық, отандық өндірушілер банкрот болса, бола берсін дейді. Міне, алдағы жиында осы мәселелерге баса назар аударылып, реформалар осы бағытта жүрсе деймін».
Әміржан Қосан, саясаткер:
«Кет дегенде, ит те кетеді!»
Бірақ бізде ондай практика қалыптаспаған: әр премьер, министр не әкім жоғары жаққа жалған есеп беріп, жылы орнынан айырылғысы жоқ.
Және бір үкіметтің отставкаға кетіп, оның орнына екіншісі келгенінен не өзгереді дейсіз? Сол баяғы жүйе, үкіметтің жұмысына не қоғамның, не парламенттің еш ықпалы жоқ: президентке оң есеп берсе болғаны.
Сол себепті осы жағдайды өзгерту керек! Ең бастысы – екі-үш жылға арналған нақты бағдарламасы бар бір команда үкіметке келуі тиіс, сол бағдарламасын орындамаса, орнынан кетсін, ал орындай алса құба-құп, жұмысын жалғастыра берсін. Осындай реформа жасамай, баяғы жартас сол жартас боп қала бермек".
Пікір қалдыру