Полицейлер таксилерді жаппай тексеруді бастады

/image/2024/02/16/crop-1_0_183x272_images.jpg

    Қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, іс-шара барысында полицейлер Жол жүру ережелері талаптарының сақталуын қадағалайды. Соның ішінде таксилердің жолаушыларды, багажды тасымалдау ережелерін сақтауын тексереді.

    5 ақпаннан бері тәртіп сақшылары жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізушісін анықтады. Сондай-ақ көлікті нөмірсіз басқарған 46 жүргізуші ұсталды. 380 жүргізуші міндетті техникалық тексерістен өтпеген. Бұдан бөлек 500-ден астам жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамаған.

    - Шара барысында патрульдік полицейлер "Хюндай" автокөлігін басқарған 35 жастағы Өзбекстан азаматын анықтады. Шетелдік тиісті тіркеу құжаттарынсыз "Яндекс" мобильдік қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдап жүрген. Өзбекстан азаматына қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Ал көлігі коммуналдық тұраққа қойылды, - деп атап өтті ведомство.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар