ҚР ТЖМ баспасөз қызметі "112" шұғыл байланыс желісіне Астана қаласындағы халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін нақтылайды.
"Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяны қатты түтін басып, адамдар эвакуацияланды. Сағат 08-24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр аумақты қамтыған электр кабельдері жанған", делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, елорданың әуежайының тарихы 1931 жылдан басталады. 1956 жылдан бастап әуежай тәулік бойы жұмыс істей бастады. Оған 2017 жылы 21 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілген болатын.
Пікір қалдыру