Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан ұлттық құрылтайда мемлекеттік Елтаңбаны өзгертуді ұсынды.
– Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек.
Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, – деді Тоқаев.
Президент мемлекеттік ту мен әнұранда мін жоқ екенін атап өтті.
Пікір қалдыру