Жылына 80 әйел көз жұмады

/image/2024/04/16/crop-2_36_695x1236_sm_full.jpeg

Бұл заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулардан бөлек, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2 заңға қол қойды.

Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылық  бойынша дерекке келсек, елімізде жылына 80 әйел көз жұмса, 150 әйел ауыр жарақат алса, 200 әйел орта дәрежеде, 4000 әйел жеңіл жарақат алады.

Ал 111 нөміріне күніне кемінде 300 қоңырау түсетін көрінеді.

Сондай-ақ 2023 жылдың 10 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша 50 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл жаңа заңның қабылдауына да сеп болды.

Енді жаңа заң әйелдер мен балаларды қалай қорғайды? деген сұраққа келсек, денсаулыққа орташа зақым келтіргендер – 2 жылға дейін, ал ауыр зиян келтіргендер – 3 не 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Суицидке итермелегендер 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, балаларды зорлаған педофилдер өмір бойы түрмеде жазасын өтейді. Сонымен бірге, отбасын қолдау орталықтары құрылады.

Осы жерде айта кетерлігі, халық арасында ертең жанжал болған отбасынан баланы тартып алмайды ма? Тартып алған жағдайда баланың психикасына әсер етпейді ме? деген сұрақтар туындады. Бұл сұраққа заңгерлер 108-бап бойынша бірнеше рет қайталанған жағдайда ғана ата-ана құқығынан айрылатынын айтады.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева: «Әр баланың балалық шағы алаңсыз, әрі бақытты өтуі тиіс. Аталмыш заң бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы үлкен қадам. Заң Мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйектегі жолдауында белгіленген балалар мен әйелдерді қорғаудағы принципті үстанымының арқасында қабылданды. Заң жобасын дайындауды Президент тапсырмасымен біз мемлекеттік органдар, Президент әкімшілігімен бірлесіп, Мемлекеттік кеңесшінің жеке қолдауымен, Ұлттық құрылтай, Ұлттық комиссия мүшелері, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сарапшылар және ҮЕҰ-дың қатысуымен өткен жылдың маусым айында бастадық» дейді.

Ал ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин: «Осы жылдарда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске қатысты шаралар жүйесі кезең-кезеңімен қалыптасты. Бүгін қабылданған заң отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан реттеу ісін қорытындылады» дейді телеграм парақшасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар