Полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы "грейг" қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды анықтаған.
22 жастағы студент қыз Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, онысын желідегі парақшасына жариялаған. Бойжеткенге сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысты деген айып тағылып, 11 млн теңге айыппұл салынған.
Пікір қалдыру