Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
"Агенттік Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау бойынша тергеуді аяқтады. Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Сатыбалдыға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды", — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Гүлмира Сатыбалды — Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Оған бұған дейін кәсіпкерлерді заңсыз бопсалады деген айып тағылған болатын.
Пікір қалдыру