ҰҚК шекара қызметі сәуір айында 3 186 шекараны бұзу дерегі анықталғанын хабарлады.
Бір айда шекараны заңсыз кесіп өткен 38, шекараны бұзуға әрекеттенген 29 шетел азаматы ұсталған.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынған. Соның ішінде 49 дерек есірткі заттарына, 36 дерек қару мен оқ-дәрілерге, 38 дерек діни әдебиетке, 341 дерек сомасы 12 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдарына, 744 дерек халық тұтынатын тауарларға, 134 факті шетел валютасын шығаруға байланысты тіркелген.
Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынған. Оның ішінде:
– 54 дана жүзу құралдары;
– жалпы ұзындығы 244,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
– 1 226 дана (6 тонна) бекіре тұқымдас балықтар;
– 98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар;
– 63 дана (1 тонна) итбалықтар.
Алды алынған залал сомасы 2,3 млрд теңгені құрайды.
Пікір қалдыру