"2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, 2024 жылдың сәуірінде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 40,5%-ға немесе 2 256 мәмілеге өсті. Сәуірде ағымдағы жылдың басынан бастап ең көп мәміле тіркелген, барлығы – 7 830. Сонымен қоса, ұлғаю еліміздің барлық аймағында байқалды. Ең жоғарғы өсім Ұлытау (85,4%-ға), Атырау (77,9%-ға) және Қостанай (66,3%-ға) облыстарында болды" делінген бюро хабарламасында.
Ал пәтерлерді сату 1% өсіп, жаңа тұрғын үйді сату 0,4% төмендеген.
2024 жылғы сәуір айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 248 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 830 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 23 418 мәміле жасалған. Мәмілелер саны бойынша, бұрынғысынша, Астана (5 583 – 17,9%) және Алматы (4 949 – 15,8%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 668 – 8,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 333 бірлік (1,1%).
Пікір қалдыру