Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу қызметінен босатылды

/image/2024/05/13/crop-38_12_646x1149_full_1715580420c8d0193611d7cd30b56f8727f723062f_webp.webp

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу қызметінен кетті. Владимир Путин қорғаныс министрі қызметіне бұрынғы вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды.

Ал Сергей Шойгу Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Соңғы 16 жылда Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін Николай Патрушев атқарған болатын.

Президент жарлығында ол басқа жұмысқа ауысқандықтан отставкаға кетті деп көрсетілген. Алайда нақты қандай лауазымға ауысқаны белгісіз. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар