Қаланың бірнеше ауданында орналасқан атауы жоқ көшелерге көрнекті тұлғалардың есімдері беріледі. Яғни, онда Алатау ауданы «Нұркент» шағынауданындағы № 1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерестің есімі берілетіні жазылған. Бостандық ауданы «Ерменсай» шағынауданындағы № 2 жобалық атауы бар көшеге Жақсылық Үшкемпіровтің есімі, № 4 жобалық атауы бар көшеге Қаршыға Ахмедьяровтың, № 5 жобалық атауы бар көшеге Шолпан Жандарбекованың есімдері беріледі.
Бостандық ауданы «НұрАлатау» шағынауданындағы № 12 жобалық атауы бар көше Ғазиза Жұбанова көшесі, № 13 жобалық атауы бар көше Кәкімбек Салықов көшесі деп аталмақ. Сол сияқты, Бостандық ауданы «Нұрлытау» шағынауданындағы № 6 жобалық атауы бар көше Роза Жаманова көшесі деп аталады. Медеу ауданындағы № 2 жобалық атауы бар көшеге Тимофей Седельниковтың есімі, № 7 жобалық атауы бар көшеге Мәшһүр Жүсіптің есімі таңылады. Медеу ауданы «Алатау» шағынауданындағы №14 жобалық атауы бар көше Лев Гумилев көшесі деп аталмақ.
Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының және Алматы қаласының ономастикалық комиссиясының, республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындылары қабылданды.
Құжат 27 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» веб-сайтында жарияланды.
Пікір қалдыру