2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды. Бұл туралы Антикор хабарлады.
Ол банктің 300 млн теңгеден астам қаражатын жымқырған. Күдіктінің жақын туыстары және адвокатымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, жазбаша өтініш жолдаған.
Бүгін ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді. Қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдыру