Әділет министрлігі заңды қазақша жазуды заңмен бекіту мәселесін қарастырып жатыр

/image/2024/05/28/crop-24_0_858x1144_image-1.jpg

Әділет министрі Азамат Есқараев үкімет жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссиясының отырысында "Мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі" бойынша баяндама жасады.

Министр баяндамасында норма шығару қызметінде қазақ тілін одан әрі дамыту мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орыс тіліне аударуды қамтамасыз ете отырып, оларды қазақ тілінде әзірлеу міндетін кезең-кезеңімен заңнамалық бекіту мүмкіндігін пысықтау міндеті көзделгенін айта отырып, министр тіл мәселесіне байланысты екі бағытқа тоқталып өтті.

"Бірінші бағыт – терминология мәселесін шешу. Заңнамалық актілердің мәтініне қойылатын талаптардың бірі – бұл терминдердің бірізділігі. Республикалық терминологиялық комиссия бекіткен терминдер ұсынымдық сипатқа ие. Сондықтан іс жүзінде, комиссия мақұлдағаннан кейін де, заңгерлер мен филологтар арасында бір терминді әртүрлі етіп аудару төңірегінде пікірталастар жиі болады. Сондықтан қазақша терминологиялық сөздіктерге ресми мәртебе беру және оларды норма шығару процесінде қолдану қажет екеніне тоқталды”, – дейді.

Ал екінші бағыт – тиісті ұйымдастырушылық шараларды қабылдау. Бүгінде заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу бойынша мамандардан заңгерлерден және ғалымдардан құрылған пул тізімі қалыптасқаны және болашақта сол мамандарды заң жобаларын әзірлеу процесіне тарту қажет екені айтылған.

Әділет министрі қазақ тілінде заң жазуға, нормативтік құжаттарды түзеуге "икемсіз" деген түсініктен арылып, мемлекеттік тілдің мол мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажет екенін атап өткен. Алдағы уақытта бірлесіп атқарар жұмыстарда айқын нәтижелерге қол жеткізетініне сенімін білдірген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар